Құрметті Есік қаласының тұрғындары!

Құрметті Есік қаласының тұрғындары!

Ағымдағы жылдың 05 сәуір күні Есік қаласында жалпықалалық сенбілік жарияланады.

Осыған орай, үйлердің іргелес аумақты тазалауға белсене атсалысуларыңызды сұраймыз. Сондай-ақ, барлық кәсіпкерлік субъектілері, коммуналдық және жеке кәсіпорындар, мемлекеттік және жеке мекемелер (мектептер, балабақшалар, колледждер мен лицейлер, мемлекеттік органдар) қатысуы қажет.

Өткізілетін сенбілікте үйлердің іргелес аймақта және қоғамдық орындарда ағаш, жасыл желектерді отырғызу құпталады.

Қаламызды таза етейік!
Фото/видео материалдарды 8-747-400-41-85/ 8-775-459-76-96 нөмерлерге жіберулеріңізді сұраймыз !