
Ағымдағы жылдың 4 қыркүйегінде Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселелері бойынша ZOOM бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы вебинар өткізді.
Вебинарға Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізуге жауапты тұлғалар және аудан әкімі аппаратының, Есік қаласы және ауылдық округтер әкімдері аппараттарының жер қатынастары саласында мемлекеттік қызмет көрсететін мамандары, аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің өкілдері қатысты.
29.06.2020 жылғы Қазақстан Республикасының Жер Кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, сондай-ақ аудандық әкімдіктің мемлекеттік органдарымен, оның ішінде "е-лицензия"АЖ арқылы көрсетілетін жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі мәселелері талқыланды.
Мемлекеттік қызметтер мониторингі және
ақпараттық технологиялар бөлімі