Бала асырап алу туралы куәлікті қайталап алуға өтініш беру

Бала асырап алу туралы куәлікті қайталап алуға өтініш беру

Достар, біз, әдеттегідей, мемлекеттік қызметтерді онлайн түрде алу жолдарымен бөлісуді жалғастырамыз. Бүгін #oqy&toqy айдарында Баланы асырап алғандар үшін тиісті куәлікті қайталап алуға қалай өтініш беру керектігін айтамыз!

Ол үшін:

  1. Egov.kz порталына кіріп, авторизациядан өтіңіз
  2. Азаматтарға тарауынан «Отбасы» бөлімін таңдаңыз
  3. «Ұлды/қызды асырап алу туралы куәлікті қайталап алуға өтініш беру» қызметін тауып, онлайн сұрау салыңыз

-  Әрі қарай асыраушы туралы мәліметтерді толтырып, төлем жүргізіңіз (қызмет құны – 1 АЕК)

Дайын құжат электронды форматта 1 жұмыс күні ішінде дайын болуы тиіс