
Ағымдағы жылдың 15 қаңтарында Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары Р. Бакиев және аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің қызметкерлері мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы және Қазақстан Республикасының жер қатынастары саласындағы заңнамасын сақтау мәселелері бойынша семинар өткізді.
Семинарға аудандық жер қатынастары бөлімінің, аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің өкілдері, ауылдық округтер мен Есік қаласының әкімдері, жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсететін мамандары қатысты.
Семинардың негізгі мақсаты: жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге және жер учаскесіне құқық беруге байланысты Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде Қазақстан Республикасының жер қатынастары саласындағы заңнамасын қатаң сақтау қажеттілігі.
Семинарда аудандық әкімдіктің мемлекеттік органдарының 2024 жылғы Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша жұмысының қорытындылары талқыланды, жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының негізгі талаптары бойынша, оның ішінде электрондық форматта түсініктеме берілді.
Мемлекеттік қызметтер мониторингі және
ақпараттық технологиялар бөлімі