
Ол кепілдікті алу үшін кәсіпкер бизнеске арналған мемлекеттік бағдарламаның тиісті бағытын таңдап, банкке жүгінуі керек. «Даму» Қорына ұсынатын құжаттар тізімі:
✔ Кепілдік алуға өтінім, оның ішінде EGOV және online.damu.kz порталдары да арқылы
✔ Қордың кепілдігімен несие беру туралы Банктің уәкілетті органының шешімі
✔ Кәсіпкердің қаржылық құжаттары
✔ Қызмет көрсететін банктен және басқа қаржы ұйымдары алдында соңғы 12 айда берешегі бар-жоғы туралы, айналымы туралы анықтама
✔ Банктердегі барлық шоттар туралы мәліметтер
✔ Лицензиялар, патенттер, квоталар (бар болса)
✔ Бизнес-жоспар
✔️ Заңды тұлғаның құрылтайшы ретіндегі және тіркеу құжаттары/дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы хабарлама
✔️ Заңды тұлғаның уәкілетті органының бірінші басшыны тағайындау туралы шешімі
✔️ Заңды тұлғаның уәкілетті органының несие және кепілдік тарту туралы шешімі
Сонымен қатар, Қор қажет болған жағдайда қосымша құжаттар сұратуға құқылы.
«Даму» Қоры 5 жұмыс күні ішінде 750,0 млн теңгеге дейінгі сомадағы несие бойынша өтінімді, 10 жұмыс күні ішінде 750,0 млн теңгеден асатын несие бойынша өтінімді қарайды және шешім қабылданғаннан кейін банкке хат жолдайды.