ХҚКО-на электронды кезекті қалай брондауға болады? https://egov.kz/cms/kk/services/communications/bron_con

ХҚКО-на электронды кезекті қалай брондауға болады? https://egov.kz/cms/kk/services/communications/bron_con

ХҚКО-на электронды кезекті қалай брондауға болады?

https://egov.kz/cms/kk/services/communications/bron_con

 

ҚР ХҚКО көпшілігі алдын ала брондау бойынша Халыққа қызмет көрсетуге көшті. Сіз ХҚКО кезегін egov.kz  порталында және Telegram-бот «eGovKzBot2.0 көмегімен  брондай брондай аласыз.

Ол үшін Сізге авторизациядан өтіп,  мәзірден «ХҚО-ға кезекті брондау» қызметін таңдау қажет. Ары қарай жүйе мемлекеттік қызметтерді алуға ыңғайлы аймақты, ХҚКО мекенжайын, бару мақсатын, ыңғайлы күні мен уақытты таңдауды ұсынады. Барлық қадамдар жасалған соң, мобильді азаматтар базасында телефон нөміріңіз тіркелген жағдайда ,  Сізге ЖСН, таңдалған ХҚКО мекенжайы, күні мен уақыты көрсетілген sms-хабарлама келеді. Бұл SMS-хабарлама орталыққа барған кезде кезекті брондауды растау болып табылады.

Сонымен қатар, компьютерге немесе интернетке қол жеткізе алмайтындар үшін,  аудан бойынша ХҚКО ғимаратынан тыс  120 «egov.kz» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы  ашылды. Олар аудан әкімі аппаратының, Есік қаласы және ауылдық округ әкімдері аппараттарының ғимараттарында және оқу орындарында орналасқан.

Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарының мекенжайын мына жерден көруге болады https://cloud.mail.ru/public/5Hi8/4dzZJ1fSm

Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты