Мемлекет басшысы БҚО-дағы су тасқынына байланысты жедел штабтың отырысын өткізді

Мемлекет басшысы БҚО-дағы су тасқынына байланысты жедел штабтың отырысын өткізді

Мемлекет басшысы БҚО-дағы су тасқынына байланысты жедел штабтың отырысын өткізді.

Президент су тасқынына қатысты жағдай әлі де өте күрделі екенін атап өтіп, мұндай көлемдегі тасқынның бұрын-соңды болмағанына назар аударды.

Қасым-Жомарт Тоқаев облыстағы ауа райы болжамының қолайсыздығын атап өтіп, су тасқыны жағдайының ушығуына дайын болу қажет екенін айтты.

Мемлекет басшысы су тасқынының кері әсерін алдын ала ескертуге және жоюға бағытталған ұйымдастыру-алдын алу, инженерлік-техникалық, сондай-ақ шұғыл шараларды жүзеге асырудың маңыздылығына тоқталды.
[10:11 AM, 05.04.2024] Марал✈️: Президент Үкіметке, уәкілетті органдарға, облыстардың әкімдеріне қысқа мерзімде жаңа тұрғын үй салу және үйлерді жөндеу, коммуналдық, әлеуметтік инфрақұрылымды тез арада қалпына келтіру үшін шаралар қабылдау, күнделікті тұтынатын азық-түлік пен аса қажетті тауарлардың бағасын бақылау жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Толығырақ: akorda.kz