Автомобиль көлiгiмен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларына 10-қосымша
- «Еңбекшіқазақ ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-сі 2024 жылғы ақпан айының 6-ы күні сағат 15:00-де, Есік қаласы, Жамбыл даңғылы № 21а, № 103 кабинетте жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданішілік, қалаішілік (қалалық) әлеуметтік маңызы бар, субсидияланатын тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткiзу туралы хабарлайды.
- Конкурсқа мынадай маршруттардың пакеттерi (маршруттардың лоттары) шығарылады:
- № 8 ЛОТТЫҢ маршруттары:
- екі жақты қарама-қарсы бағыттағы «Есік-Ақжал», (ауданішілік);
- екі жақты қарама-қарсы бағыттағы «Есік- Алға-Қойшыбек» (ауданішілік);
- екі жақты қарама-қарсы бағыттағы «Есік-Базаркелді» (ауданішілік).
- № 9 ЛОТТЫҢ маршруттары:
- екі жақты қарама-қарсы бағыттағы «Шелек-Майский» (ауданішілік);
- екі жақты қарама-қарсы бағыттағы «Шелек-Ащыбұлақ» (ауданішілік);
- екі жақты қарама-қарсы бағыттағы «Шелек-Көлді-Толқын» (ауданішілік);
- екі жақты қарама-қарсы бағыттағы «Шелек-Қаражота» (ауданішілік).
III. № 10 ЛОТТЫҢ маршруттары:
- екі жақты қарама-қарсы бағыттағы «Шелек-Ақтоған» (ауданішілік);
- екі жақты қарама-қарсы бағыттағы «Шелек-Асы Саға-Жаңашаруа» (ауданішілік);
- екі жақты қарама-қарсы бағыттағы «Шелек-Қорам» (ауданішілік).
- Конкурсқа меншiк нысанына қарамастан, меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде автокөлiк құралдары бар кез келген жеке және заңды тұлғалар қатысады.
- Конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрушiлер «Еңбекшіқазақ ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-сі конкурстық құжаттардың жиынтығын алуға жазбаша өтiнiмдi Есік қаласы, Жамбыл даңғылы №21а, № 103 кабинетіне мекен жайы бойынша ұсынуы тиiс.
- Конкурстық құжаттарды алуға өтiнiмдердi қабылдаудың және Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қабылдаудың соңғы мерзiмi: 2024 жылғы қаңтар айының 29 күні, сағат 18:30-ы.
- 2024 жылғы қаңтар айының 31 күні, сағат 15-00-де конкурстық Комиссия конкурсты өткiзу мәселелерi жөнiндегi конкурс алдындағы конференцияны өткiзедi.
- Анықтама алу үшiн телефондар: 8 72 775 7 20 08.