Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жоғарылату мәселесі бойынша семинар

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жоғарылату мәселесі бойынша  семинар

Ағымдағы жылдың 19 қаңтарында Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы мәселелері бойынша семинар өткізді.

Семинарға  аудандық бөлімдердің бірінші басшылары, Есік қаласы және ауылдық округтердің әкімдері мен жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтерді көрсететін мамандары, аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімдерінің өкілдері қатысты.

Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру және мемлекеттік қызметті электрондық форматқа көшіру жөніндегі 2023 жылдың жұмыстарының қорытындысы талқыланып, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мен жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидалары түсіндірілді. Сонымен қатар мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде мемлекеттік қызметшілердің әдебі және мемлекеттік органның жұмыс кестесін сақтау туралы айтылды.

 

 

Мемлекеттік қызметтер мониторингі және

ақпараттық технологиялар бөлімі