
2022 жылғы 14 шілдедегі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ынталандыру, цифрландыру мен ақпараттық қауіпсіздікті дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңның шеңберінде АХАТ саласында «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің келесідей бөлігіне өзгерістер енгізілді:
01.07.2023 жылдан бастап азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу жөніндегі функцияларды бүгінгі күні жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын "Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы»КЕАҚ-ға(бұдан әрі-Мемлекеттік корпорация) берілді.
АХАТ функцияларын мемлекеттік корпорацияға беру АХАТ органдарын таратуды көздемейді, өйткені олар тиісті құзыретке беріледі.
Айта кететін бір жайт: «атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеу» қызметін алып тасталынды, яғни бұрынғыша атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы куәлік берілмейді, тек туу туралы акт жазбасына немесе басқа да жазбаларға өзгеріс енгізіліп,сол қызмет бойынша куәлік беріледі.
Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы қағаз куәліктерді алып тастау және Электрондық Үкімет Порталы арқылы азаматтық хал актілерін электрондық форматта тіркеу туралы куәліктер мен анықтамалар беруді қамтамасыз етіледі. Бұл ретте азаматтардың қалауы бойынша құжаттар қағаз жеткізгіште де беріледі.
Қайтыс болу туралы актіні автоматты түрде тіркелгеннен кейін қайтыс болу туралы хабарлама беріледі.
АХАТ функцияларын коммерциялық емес акционерлік қоғамына беру азаматтардың мүдделерін ешқандай түрде қозғамайды және олардың мемлекеттік қызметтердің барлық түрлерін алуына кедергі келтірмейді.
26.04.2023 жылы ҚР Әділет министрінің №266 бұйрығымен «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілері жазбаларын өзгерту, қалпына келтіру, жою қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі-қағидалар) 2015 жылғы 25 ақпандағы №112 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Қағидалар «Азаматтық хал актісін тіркеу туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)»жаңа тарауымен толықтырылды.
Бұл ретте АХАЖ өзектендіру базалық ақпараттық жүйесіндегі мәліметтерді түзету 2018 жылдан бастап мүдделі тұлғаның жеке өтініші бойынша не «электрондық үкімет» порталы арқылы өтініш бойынша жүргізіледі.
Бірақ мемлекеттік қызмет түрі ретінде ол тек жоғарыда аталған бұйрыққа сәйкес енгізілді.
Қазіргі уақытта АХАТ органдары тууды, қайтыс болуды, некені қиюды және бұзуды мемлекеттік тіркеуді, азаматтық хал актілерін өзгертуді, толықтыруды, түзетуді, қалпына келтіруді және жоюды жүзеге асырады.
АХАТ органдары арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету тарифтеріне келетін болсақ,олардың өзгеріссіз қалғанын хабарлаймыз.
Мемлекеттік корпорация қосылған құн салығын төлеуші болып табылатындықтан, ақылы қызметтер үшін ғана қосылған құн салығы қосылады. Ал тууды, қайтыс болуды тіркеу және т.б. сияқты тегін мемлекеттік қызметтер үшін бұрынғысынша алым алынбайды.
Атап айтқанда: некені қию туралы өтініш беру - 3864 теңгені,екі жақтың келісімі бойынша некені бұзуға өтініш беру – 7728 теңгені, актілік жазбаларға өзерістер, түзетулер, толықтырулар енгізу бойынша-1932 теңгені, актілік жазбаны қалпына келтіру үшін өтініш беру -1932 теңгені, актілік жазбалар бойынша анықтамалар алу үшін өтініш беру үшін -1159,20 тиынды құрайтынын хабарлаймыз.
Еңбекшіқазақ аудандық
АХАТ бөлімінің басшысы Г.К.Кульжабаева