
Бүгін 2023 жылдың соңғы күнінде ауданымыздың ҰОС ардагері Солтанбай Жарықбасов атамыз бен еңбек ардагері Сусол Сергей Антоновичтің үйлеріне барып, Жаңа жыл мерекесімен құттықтадық.
Ардагерлерімізге ат басын бұрып, жаңажылдық лебіздерімізді арнадық. Майдангерлердің хал-жағдайын біліп, емен-жарқын әңгімелестік.
Мұндай құрмет үшін ақсақалдар алғыстарын білдіріп, ақ баталарын берді.