
«Жануаларға жауапкершілікпен қарау туралы» 1.09.2023ж Қазақстан Республикасы Заңының 11 бабына сәйкес 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап барлық жеке және заңды тұлғалардың иттер мен мысықтар тіркелуге міндетті , ал жануралар иелерінің өзгерген жағдайда міндетті қайта есепке алынуға жатады.
Есепке алу арнайы есепке алу құралдарын пайдалана отырып (чип, болюс т.б.) ақылы түрде жүргізіледі.
Жануарлар иелері әлеуметтік мұқтаж тұрғындар есебіне жататын жағдайда есепке алу бюджет есебінен жүргізіледі.
Қызмет көрсету ақысын төлеу бекітілген прейскурант негізінде жасалады.
Жануарларды есепке алу арнайы есепке алу бұйымдарды жануарларға салып, жануарлар және олардың иелері туралы мәліметтерді «Таңба» ақпараттық жүйесіне енгізу арқылы іске асырылды.
Есепке алу құралдарды жануарларға салу ветеринариялық клиникалар немесе ветеринариялық станция ветеринариялық дәрігерлермен жасалады.
Жануарларды есепке алу Қағидаларды бұзғаны үшін жануарлар иелеріне Қ.Р. Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 407-2 бабына сәйкес әкімшілік шара қаралады.
Уй жануарларын есеапке алу үшін аудандық ветеринариялық станция және ауылдық округтердегі ветеринариялық пункт мамандарына жугінуге болады.
Мекен жайы мен байланыс тел: Есік қаласы Желтоқсан көшесі 1В тел: 87277570285, 87711064804, 87771338740