«БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты 📌

«БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты 📌

Экономика және басқару Жоғары мектебі Каспий қоғамдық университетімен бірлесіп «Экономиканың тұрақты дамуы: мәселелері мен болашағы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді.

 

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Басқарма төрағасының орынбасары Сәуле Егеубаева «ҚР жинақтаушы зейнетақы жүйесі: қалыптасу және даму перспективалары» тақырыбында баяндама жасады. Сарапшы Қазақстанның зейнетақы жүйесі және оның даму перспективалары туралы егжей-тегжейлі баяндап берді. 

Конференцияға БЖЗҚ-дан басқа еліміздің қаржы нарығының өкілдері, сондай-ақ, шетелдік спикерлер қатысты.