
Ескерту немесе айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылмау мақсатында Алтынкөл теміржол дистанциясы Сізден – ауылдық округ, қала тұрғындары, шаруа қожалықтары мен шаруа қожалықтары иелерінен темір жол көлігінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ережелерді сақтауды қатаң түрде сұрайды.
Ережелерді бұзу:
- көлік құралдарының, ат- арбалардың өтуі, үйретілген, мінген жануарлар мен малды темір жол рельстері арқылы өткізу, темір жолдардың белдеуінде мал жаюы - 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады;
- белгiсiз жерлерден темiр жолдардың бойымен өту – 3 АЕК
- темір жолды, қорғаныш орман екпелерін, қар қоршауларын, малдың жолға, жол құрылыстарына, құрылыстарға кіруіне жол бермейтін қоршауларды бүлдіру - 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салу;
- пойыздар қозғалысын бұзуға әкеп соқтыратын заттарды қою, теміржол рельстеріне лақтыру немесе олардың үстінде қалдыру-20 АЕК мөлшерінде айыппұл салу.
Құрметті облыс тұрғындары! Пойыздар қозғалысының қауіпсіздігі, тасымалданатын жүктердің сақталуы, азаматтардың жеке қауіпсіздігі азаматтық жауапкершілігіңізге байланысты. ӨМІРІҢІЗГЕ САҚ БОЛЫҢЫЗ!!!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – Алматы магистральдық желі филиалының «Алтынкөл» дистанциясының әкімшілігі