Жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданішілік, қалаішілік (қалалық) әлеуметтік маңызы бар, субсидияланатын тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткiзу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

Жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданішілік, қалаішілік (қалалық) әлеуметтік маңызы бар, субсидияланатын тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткiзу туралы  ХАБАРЛАНДЫРУ

Автомобиль көлiгiмен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларына 10-қосымша

1. «Еңбекшіқазақ ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-сі 2023 жылғы желтоқсан айының 21-ші күні сағат 14:30-да, Есік қаласы, Жамбыл даңғылы № 21а, № 103 кабинетте жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданішілік, қалаішілік (қалалық) әлеуметтік маңызы бар, субсидияланатын тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткiзу туралы хабарлайды.
2. Конкурсқа мынадай маршруттардың пакеттерi (маршруттар) шығарылады:

I. № 5 ЛОТТЫҢ маршруттары:

1. № 3, екі жақты қарама-қарсы бағыттағы «Алмалы-Қызылжар-Көктөбе 1 /С.Сейфуллин атындағы көше/-Алматы көшесі /Қалалық әкімдігі, Орталық мешіті, Орталық, Базар/-Р.Тоқатаев атындағы көше /Православ шіркеуі/, /кері бағытта М.Әуезов атындағы көшесімен/-Жамбыл атындағы даңғылы /Аудандық әкімдігі/-Абай атындағы көше /ХҚКО/ЦОН, АМҮ/РДК, Орталық емхана/-Желтоқсан көшесі-Набережная көшесі /Спорт сарайы/-Ш.Уәлиханов атындағы көше-Алтын Адам Аллеясы көшесі-«Табиб Мед» емханасы-Саяжай (Қыпшақ), (ауданішілік);

2. № 7, екі жақты қарама-қарсы бағыттағы «Есік-Түрген-Таутүрген-Қаракемер-Сатай-Талдыбұлақ», (ауданішілік);

3. № 106, екі жақты қарама-қарсы бағыттағы «Есік-Қарасай-Аймен-Бірлік-Балтабай-Ақши-Бәйдібек би-Қазатком», (ауданішілік).

II. № 6 ЛОТТЫҢ маршруттары:

1. екі жақты қарама-қарсы бағыттағы «Есік /Автобекет, Алматы көшесі, Орталық, ЗАТМО/ГЦВП, Н.Островский атындағы көше, Қ.Орымбетов атындағы көше, Абай атындағы көше /ХҚКО/ЦОН, АМҮ/РДК/, Орталық емхана/ЦРБ -Абай атындағы көше-Жамбыл атындағы даңғылы /Аудандық әкімдігі/-М.Әуезов атындағы көше /кері бағытта Р.Тоқатаев атындағы көше/-Автобекет-Саймасай-Амангелдіі» (ауданішілік);

2. екі жақты қарама-қарсы бағыттағы «Есик /Ш.Уәлиханов атындағы көше-Қ.Сатпаев атындағы ОМ /»ДСУ-13» АҚ/-Алматы көшесі-Автобекет /Орталық-Р.Тоқатаев атындағы көше /кері бағытта М.Әуезов атындағы көше/-Жамбыл атындағы даңғылы /Аудандық әкімдігі/-Абай атындағы көше /ХҚКО/ЦОН, АМҮ/РДК, Орталық емхана/ЦРБ-Құлжа ауылы-Ташкенсаз-Баяндай» (ауданішілік);

3. екі жақты қарама-қарсы бағыттағы «Есік-Бөлек-Аймен-Еңбек-Ақтоғай-Өрнек» (ауданішілік).

III. № 7 ЛОТТЫҢ маршруттары:

1. екі жақты қарама-қарсы бағыттағы «Шелек-Нұрлы»;

2. екі жақты қарама-қарсы бағыттағы «Шелек-Нұра»;

3. екі жақты қарама-қарсы бағыттағы «Шелек-Малыбай».

3. Конкурсқа меншiк нысанына қарамастан, меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде автокөлiк құралдары бар кез келген жеке және заңды тұлғалар қатысады.
4. Конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрушiлер конкурстық құжаттардың жиынтығын алуға жазбаша өтiнiмдi «Еңбекшіқазақ ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-сіне, Есік қаласы, Жамбыл даңғылы №21а, № 103 кабинетіне ұсынуы тиiс.
5. Конкурстық құжаттарды алуға өтiнiмдердi қабылдаудың және Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қабылдаудың соңғы мерзiмi: 2023 жылғы
желтоқсан айының 6-шы күні, сағат 18:30-да.
6. 2023 жылғы қараша айының 23-ші күні, сағат 15-00-де конкурстық Комиссия конкурсты өткiзу мәселелерi жөнiндегi конкурс алдындағы конференцияны өткiзедi.
7. Анықтама алу үшiн телефондар: 8 727 75 7 20 08.