
Күрделі метеорологиялық факторлар жол қозғалысы қауіпсіздігіне айтарлықтай әсер етеді. Температураның төмендеуіне және ауа райының құбылуына байланысты «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ қызметкерлері автокөлік жүргізушілерге жазғы дөңгелектерді қысқы шинаға ауыстыруды ұсынады: - «Жол апаттарын болдырмау үшін автокөлік жүргізушілеріне аса сақтық таныту, жылдамдықты, ара қашықтықты сақтау, көлік жүргізушілері жол-көлік оқиғаларын болдырмау және сақтық шараларын ұстануы қажет. Қысқы шиналарды орнатудан бас тарту арқылы Сіз басқа жол пайдаланушылардың қауіпсіздігіне және өзіңіздің өміріңіз бен денсаулығыңызға қауіп төндіресіз».