Қазақстанның зейнетақы жүйесі алғаш рет Mercer CFA институтының Жаһандық зейнетақы рейтингіне енді

Қазақстанның зейнетақы жүйесі алғаш рет Mercer CFA институтының Жаһандық зейнетақы рейтингіне енді

2023 жылы Қазақстанның зейнетақы жүйесі алғаш рет халықаралық рейтингке – Mercer CFA институтының Жаһандық зейнетақы индексіне енді. Талдау және кешенді бағалау нәтижелері бойынша Қазақстанның зейнетақы жүйесі 47 елдің ішінде 20-орынға шықты.

 

Mercer жаһандық зейнетақы индексі 50 түрлі алғышартты қамтитын, "лайықтылық", "тұрақтылық" және "тұтастық" сияқты үш суб-индекске біріктірілген алдыңғы қатарлы елдердің зейнетақы жүйелерінің ондаған көрсеткіштерін талдайды. Қазақстан 64,9 балл жинап, «С+» бағасын алып, ұпай саны бойынша Гонконг, АҚШ, БАӘ, Колумбия, Франция, Испания, Хорватия сияқты елдерді басып озды.