
Курсқа журналистер, белсенді блогерлер, журналистика факультетінің студенттері қатыса алады.
Курс бағдарламасы әртүрлі тақырыптар бойынша оқыту модульдерін қамтиды. Сонымен қатар, БЖЗҚ-ның жұртшылықпен байланыс департаментінің қызметкерлері қазіргі және болашақ әріптестеріне Қорда ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының қалай жүргізілетінін және жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы қызықты материалды қалай дайындауға болатынын түсіндіреді.
Шараға қатысу үшін алдын-ала тіркелу қажет. Қатысуға өтінімді press@enpf.kz электрондық мекенжайына жолдайсыз. Онда ТАӘ, басылымның немесе университеттің атауы, қатысу күні және WhatsApp қосымшасы бар телефон нөмірі көрсетілуі тиіс. Шақыру-сілтеме сіз көрсеткен WhatsApp нөміріне іс-шара басталардан бір күн бұрын жіберіледі.