2023 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша қазақстандықтардың тұрғын үй сатып алу және емделуге берілген 1,9 миллионға жуық өтініші орындалып, арнайы шоттарға 3,7 триллион теңгеге жуық қаражат аударылды. Оның ішінде 1,4 миллион өтініш беруші зейнетақы жинақтарын үй жағдайын жақсарту мақсатында пайдаланған.

БЖЗҚ емделуге ақы төлеу үшін жалпы сомасы 391,79 млрд теңге болатын 457 513 өтінішті орындады. Алынған соманың орташа мөлшері 0,86 млн теңге. Өтініштердің 96% астамы стоматологиялық қызмет алу үшін, 2,5% офтальмологиялық қызметтерді алу бойынша орындалды. Қалған медициналық бағыттарға зейнетақы жинақтарының 1% азы пайдаланылды. 

Зейнетақы жинақтарын пайдалану бойынша толығырақ статистикамен www.enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер" - "Емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері" бөлімінде танысуға болады.