Еңбекшіқазақ ауданаралық көпсалалы ауруханасы жанынан ПЦР-зертханасы ашылады.

Еңбекшіқазақ ауданаралық көпсалалы ауруханасы жанынан ПЦР-зертханасы ашылады.

Еңбекшіқазақ ауданаралық көпсалалы ауруханасы жанынан ПЦР-зертханасы ашылады. . Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұл өңірді таңдап, қолдау көрсетіп, ПЦР-зертханасын орнату жөнінде шешім қабылдауының басты себебі - бұл клиника аймақтағы ең ірі медициналық мекеме болып табылады. . Енді жүгінушілер көрсеткіштері мен белгілері бойынша және дәрігердің жолдамасымен нақты уақыт режимінде ПЦР әдісімен жұқпалы ауру түрлерінің диагностикасын жасай алады. . Заманауи ПЦР-зертхананың ашылуына «Birgemiz Jetisy» қоғамдық қоры қолдау көрсетіп отыр. . Клиника тарапынан алдын ала дайындық шаралары жүргізілді, зертханада жұмыс істейтін мамандар біліктіліктерін арттырып, осы жұмысқа бейімделді. . ПЦР-зертханасы ғимараттың жеке блогында (бактериологиялық зертхананың 1-қабатында) орналасқан, кіру-шығу персонал мен биологиялық материалдарды қабылдауға арналған жеке есік арқылы жүргізіледі. . Еңбекшіқазақ көпсалалы ауруханасы құрамында үш түрлі стационардың ұйымдастырылғандығын атап өткен жөн: . 1) карантиндік стационар. 2020 жылдың 13 наурызынан бастап ашылған. Мұнда 140 пациент жатқызылып, оның ішінде 100 пациент сауығып шыққан; . 2) провизорлық стационар. Төтенше жағдайдың алғашқы күнінен бастап қызмет көрсетуде. Провизорға 86 пациент жатқызылған болатын, оның ішінде 80 пациент толық емдеу курсын қабылдап, үйлеріне шығарылды, қалған пациенттер дәрігерлердің бақылауында; . 3) инфекциялық стационар. 2020 жылдың 29 наурызынан бастап коронавирусқа шалдыққан пациенттерді қабылдай бастады. Стационарға 84 пациент жатқызылған болатын, қазіргі кезде аталған стационарда 36 пациент ем қабылдауда. . ПЦР-зертханасының ашылуы - жұқпалы ауруды дер кезінде анықтау және әр пациентке сапалы ем көрсету мүмкіндігін арттырады.