Инвестициялық портфельді басқарушыларға (ИПБ) ағымдағы жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша

Инвестициялық портфельді басқарушыларға (ИПБ) ағымдағы жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша

Инвестициялық портфельді басқарушыларға (ИПБ) ағымдағы жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша 18.02.2021 ж. бастап 12,7 млрд теңге аударылды. БЖЗҚ  9 240 өтінішті орындады. Аударымның орташа сомасы шамамен 1,4 млн теңге. Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру бойынша толық статистика  enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер" – "Зейнетақы жинақтарын басқарушы компанияларға беру" бөлімінде қолжетімді.

 

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап салымшылар өздерінің міндетті жарна және міндетті кәсіптік жарна түрлері (МЗЖ және МКЗЖ) есебінен жинақтарының 50% дейін жеткіліктілік шегін есепке алмай-ақ, ИПБ басқаруына бере алады. Ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған жинақтарды инвестициялық басқаруға 100% көлемде беруге болады. 2023 жылдың шілде-қыркүйек айларында бұл құқықты 2 479 отандасымыз пайдаланып, портфельді басқарушыларға 3,8 млрд теңге қаржы аударды. Бұл ретте БЖЗҚ қаржы аударуға берілген 3 240 өтінішті орындады.