Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады

Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады

Ержан Сәденов:

✔️құқық бұзушылықтарға «мүлде төзбеушілік» және жазаның бұлтартпастығы, кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөнінде баяндады;
✔️интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде айтты. Атап айтқанда, жыл басынан бері ауыспалы нөмірлерден шалынған 37 миллион қоңырау бұғатталып, заңға қайшы контенті бар 16 мың сайт анықталды;
✔️нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспардың іске асырылуы туралы ақпарат берді. Оның айтуынша, 31 тоннадан астам есірткі және 79 тонна прекурсор тәркіленіп, 39 есірткі зертханасын жойылған;
✔️қылмыстық-атқару жүйесі мен Ұлттық ұлан қызметінің қазіргі жай-күйі туралы айтты.

❗️Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік деңгейін одан әрі арттыруға бағытталған бірқатар тапсырма берді.