"Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызметін қалай алуға болады?

"Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызметін қалай алуға болады?

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Еңбекшіқазақ ауданы әкімі аппараты арқылы жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.

Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту үшін Еңбекшіқазақ аудан әкімі аппаратының кеңсесі  арқылы өтініш беруіңіз қажет.

Қажетті құжаттар:

- жер учаскесін жалдау мерзімін ұзартуға арналған өтініш;

-сәйкестендіру құжатының көшірмесі (жер учаскесіне уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру актісі не жер-кадастрлық жоспар);

-жер учаскесін уақытша (қысқа мерзімді ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалануға (жалға алуға) жасалған шарттың көшірмесі;

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі- 10 (он) жұмыс күні.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: жер учаскесіне уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) құқығын беру туралы шешімі және уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) шарты не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.

Аудан әкімінің аппараты - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұмы аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден  18.30-ға дейін.

 

Байланыс телефоны: 87277520597

Еңбекшіқазақ аудан әкімінің аппараты