2023 жылғы 20 тамызда Қаракемер ауылдық округ әкімінің сайлауы өтті.

2023 жылғы 20 тамызда Қаракемер ауылдық округ әкімінің сайлауы өтті.

Учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары сайлау нәтижелерін анықтады:
Қаракемер ауылдық округі бойынша сайлаушылар тізіміне 5639 азамат енгізілді, олардың 4071-і дауыс берді, жарамсыз бюллетеньдердің саны – 97, "Бәріне қарсымын" деген жолда – 292, есептен шығару куәліктері бойынша дауыс берген сайлаушылар саны – 0, дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс берген сайлаушылар саны - 8.
Әкімге үміткерлер саны – 3 адам, 2 адам - өзін-өзі ұсыну арқылы және 1 адам "AMANAT" партиясынан ұсынылған.
Әр үміткерге берілген дауыстар саны:
Аканов Нуржан Маратович – 2667 (72,43%); Әжібек Еламан Сапарғалиұлы– 486 (13,20%); Якубов Эльдар Ризаевич – 529 (14,37%).
Қаракемер ауылдық округінің сайланған әкімі Аканов Нуржан Маратович, 1990 жылы туған, Алматы облысы бойынша Еңбек мобильдігі орталығының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша филиалы мансап орталығы, мансап орталығының құрылымдық бөлімшесінің бастығы, Еңбекшіқазақ ауданы, Қаракмер ауылында тұрады, "AMANAT" партиясы ұсынған.