2023 жылғы 20 тамызда Ақши ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

2023 жылғы 20 тамызда Ақши ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

Учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары сайлау нәтижелерін анықтады:
Ақши ауылдық округі бойынша сайлаушылар тізіміне 3627 азамат енгізілді, олардың 1325-і дауыс берді, жарамсыз бюллетеньдердің саны – 32, "Бәріне қарсымын" деген жолда – 3, есептен шығару куәліктері бойынша дауыс берген сайлаушылар саны – 0, дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс берген сайлаушылар саны - 16.
Әкімге үміткерлер саны – 5 адам, 5 адам - өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынылған.
Әр үміткерге берілген дауыстар саны:
Байтанов Ернар Нурланович – 144 (11,16%); Жапаркулова Кенжекей Жаркинбековна – 84 (6,51%); Тамашаев Ерлик Ерсаинович – 811 (62,87%); Тикельдиев Шынгожа Айбарович - 248 (19,22%); Шакенов Кайрат Толенович - 3 (0,23%) .
Ақши ауылдық округінің сайланған әкімі Тамашаев Ерлик Ерсаинович, 1979 жылы туған, «Сулайманова» шаруа қожалығының басқарушысы, Ақши ауылында тұрады, өзін - өзі ұсынған.