
2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 2021 жылғы қаңтардан бастап БЖЗҚ салымшылардың (алушылардың) тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін зейнетақы жинақтарын пайдалануға берген 1 389 019 өтінішін орындады. Қазақстандықтардың уәкілетті оператор-банктерде ашылған арнайы шоттарына БЖЗҚ 3,3 трлн теңгеден астам қаржы аударды.
БЖЗҚ емделуге ақы төлеу үшін жалпы сомасы 366,3 млрд теңге болатын 439 407 өтінішті орындады.