
Қызметтерді көрсету кезінде БЖЗҚ тек мемлекеттік органдар және мемлекеттік заңды тұлғаларға жататын үшінші тұлғалардың ақпараттық жүйелерімен (дерекқорларымен) қажетті ақпарат алмасуды жүргізеді.
Салымшының деректері жеке тұлғаларға немесе басқа заңды тұлғаларға берілмейтінін ескертеміз.
Біздің онлайн-платформалардан көруге болатын деректерді жинау және өңдеу туралы келісім тек сапалы зейнетақы қызметтерін көрсету мақсатында қажет.