2023 жылдың шілдесінде ИПБ-ге 820 млн теңге аударылды

2023 жылдың шілдесінде ИПБ-ге 820 млн теңге аударылды

2023 жылғы 1 шілдеден бастап салымшылар өздерінің міндетті жарна түрлері есебінен жинақтарының 50% дейін жеткіліктілік шегін есепке алмай-ақ, ИПБ басқаруына бере алады. Шілде айында 583 азамат бұл құқықты пайдаланып, портфельді басқарушыларға 820 миллион теңгеден астам қаражат аударды. Бұл ретте БЖЗҚ аударуға 740-тан астам өтінімді орындады.

 

Барлық кезең бойынша БЖЗҚ 3 972 өтініш берушінің 6 738 өтінімін орындап, ИПБ-ге 9,8 млрд теңге аударды.