
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке тұлғалар көрсетілетін қызметті берушіге www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы және ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – эцқ) куәландырылған электрондық құжат нысанында өтініш немесе ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда біржолғы парольмен куәландырылған қажетті құжаттардың тізбесімен бірге жолдай алады.
Толық сілтемесі: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000021613
Мемлекеттік қызмет 6 (алты) жұмыс күні ішінде көрсетілетін болады.
Еңбекшіқазақ ауданы әкімі аппаратының
ұйымдастыру бөлімінің бас маманы
Канапина Ақмарал Абдоллақызы