
Облыс әкімінің жұмыс кестесіне Талғар мен Еңбекшіқазақ аудандарының шекарасындағы көпір және Талғар бөгеті кірді.
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігіне аталған көпірді қалпына келтіру үшін арнайы сметалық құжаттамаларды жасау бойынша тапсырма берілді.
Сонымен қатар, кездесуде сел қаупі бар кезеңге дайындық, Талғар қаласының бөгеті құрылыстарының жай-күйі және ауа-райына байланысты жағдайлар талқыланды.
Ағымдағы жағдай туралы ҚР ТЖМ "Қазселденқорғау" ММ Іле-Алатау аумақтық пайдалану - техникалық басқармасы филиалының басшысы Ғалымжан Баймаханов баяндады.
Селденқорғау қоймасын тазарту, бөгетті қосымша нығайту және өзен арнасын суқоймасының орталығына қайта бағыттау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижелері туралы баяндалды. Қазіргі уақытта жұмыстар жүргізілуде, су транзиттік режимде кедергісіз өтуде, арна қайта бағытталды. Жағдай тұрақты.
Мәлімет үшін: Селехабардың көлемі 8,5 млн. м3 құрайды.