📌 ЖЕРЛЕУГЕ АРНАЛҒАН ЗЕЙНЕТАҚЫ ТӨЛЕМДЕРІНЕ САЛЫНАТЫН САЛЫҚ

📌 ЖЕРЛЕУГЕ АРНАЛҒАН ЗЕЙНЕТАҚЫ ТӨЛЕМДЕРІНЕ САЛЫНАТЫН САЛЫҚ

Қайтыс болған салымшының/алушының қаражаты есебінен жерлеуге төленетін біржолғы төлемнің мөлшері айлық есептік көрсеткіштің 94 еселенген шегіне дейін өсті. Жерлеуге арналған біржолғы төлем төленгеннен кейін қайтыс болған адамның шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығы ең төменгі зейнетақы мөлшерінен аспайтын болса, бұл қалдық қайтыс болған адамның отбасы мүшелеріне жерлеуге арналған төлем ретінде беріледі. Сонымен қатар бұл қалдыққа 10% мөлшерлеме бойынша салық салынады, себебі Салық кодексінің 341-бабының 1-тармағының 18-тармақшасына сәйкес, салық салынатын табыс тізімінен 94 еселенген АЕК шегіндегі жерлеуге арналған төлемдер ғана алынып тасталынды.