🔸 ЗЕЙНЕТАҚЫ КАЛЬКУЛЯТОРЫН 120 МЫҢНАН АСТАМ ҚОЛДАНУШЫ ПАЙДАЛАНДЫ

🔸 ЗЕЙНЕТАҚЫ КАЛЬКУЛЯТОРЫН 120 МЫҢНАН АСТАМ ҚОЛДАНУШЫ ПАЙДАЛАНДЫ

Жыл басынан бері болжамды зейнетақы калькуляторын пайдаланушылар саны 121 905 адамға жетті.

 

Болжамды зейнетақы калькуляторы болашақ зейнетақыны жоспарлау құралы болып табылады. Оның көмегімен сіз барлық зейнетақы төлемдерінің болжамды сомасын өздігінше есептей аласыз. 

 

Егер сіз жеке шотыңыздан зейнетақы жинақтарын шешіп алуды жоспарласаңыз, онда зейнетақы калькуляторы арқылы сіз ай сайынғы зейнетақы төлемдерін есептей аласыз.

 

Сондай-ақ калькулятор арқылы зиянды және қауіпті өндірістерде кемінде 60 ай жұмыс істеген қызметкерлер үшін БЖЗҚ-дан төленетін төлемдердің өсімін есептей аласыз. Заңмен белгіленген түзету коэффициенті ескерілді.

 

Сонымен қатар, калькуляторды пайдалана отырып, инвестициялық портфельді басқарушы зейнетақы жинақтарының бір бөлігін аударған жағдайда зейнетақы төлемдерінің қозғалысын көре аласыз.