
БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерінен түсетін комиссиялық сыйақы мөлшері 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап айына 0,01-ден 0,008 пайызға дейін төмендейді. Бұл ретте ол республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын 0,04 еселенген айлық есептік көрсеткіштің көбейтіндісі ретінде айқындалатын шамадан және тиісті күнтізбелік айдың 1-ші күніндегі жағдай бойынша салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-да ашылған міндетті зейнетақы жарналары есепке алынатын зейнетақы жинақтары бар жеке зейнетақы шоттарының санынан аспауға тиіс.