6,5 млн салымшы (алушы) үзінді көшірмені Жеке кабинет арқылы алды

6,5 млн салымшы (алушы) үзінді көшірмені Жеке кабинет арқылы алды

Бүгінгі таңда зейнетақы жинақтары туралы ақпаратты алудың ең танымал тәсілі – Жеке кабинет арқылы электронды әдіс.

2023 жылғы 5 маусымдағы жағдай бойынша 6,5 миллионға жуық салымшы/алушы БЖЗҚ сайты және ұялы қосымшасындағы Жеке кабинет арқылы әлемнің кез келген нүктесінен тәулік бойы жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу мүмкіндігін таңдады.