
Жыл сайынғы жоспарлы тексеру барысында зейнет жасына жеткен және зейнетақы шотында жинақтары бар, бірақ БЖЗҚ-дан төлем алуға өтініш бермеген 180 мыңнан астам адам анықталды.
Бұдан басқа, Мемлекеттік корпорация 57 мыңнан астам адамның Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткенін, сондықтан Мемлекеттік корпорациядан төлем алмайтынын анықтады.
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын алмағандардың арасында зейнетақы жинақтары төлемін алуға қайтыс болған адамдардың өтініш білдірмеген мыңға жуық мұрагерлері де бар.
Тағы бір санат – жалпыға бірдей белгіленген зейнет жасына толған және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы алып жүрген адамдар.
Осыған орай БЖЗҚ зейнет жасына толуына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорацияның бөлімшелеріне уақытылы жүгінуге кеңес береді.