Зейнетақы жарналары аударылмаған кезде инвестициялық кіріс төленеді ме?

Зейнетақы жарналары аударылмаған кезде инвестициялық кіріс төленеді ме?

Инвестициялық кіріс түсімі тоқтамайды. Сіздің шотыңыздағы қаражат толық таусылғанға дейін, жинақтарыңыз айналымда болады, яғни сіз зейнеткерлікке шығып, ай сайын төлем алып жатсаңыз да, шотыңыздағы қалған жинақтарыңызға инвестициялық кіріс қосыла береді.

Инвестициялық кіріс қосылған жинақ бойынша ақпаратты жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірмеден табуға болады. Бұл көшірмені бірнеше жолмен алуға болады:

● enpf.kz сайтындағы Жеке кабинетте немесе БЖЗҚ ұялы қосымшасында; 
● электрондық пошта арқылы; 
● тұрғылықты мекенжайы бойынша пошта арқылы 
● Қордың кеңсесіне бару арқылы; 
● egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы алуға болады. 

Ақпараттандыру әдісін таңдау үшін тікелей БЖЗҚ кеңсесінде немесе БЖЗҚ сайтындағы Жеке кабинетте тиісті шарт жасасу қажет. БЖЗҚ сайтында тек бір ғана әдісті таңдауға болатынын атап өткен жөн – «Жеке кабинетке ЭЦҚ немесе логин мен құпиясөзді пайдалана отырып кіру арқылы».