
Асы ауылдық округ әкімінің сайлау нәтижесі туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары сайлау нәтижелерін анықтады:
Асы ауылдық округі бойынша сайлаушылар тізіміне 6348 азамат енгізілді, олардың 4451-і дауыс берді, жарамсыз бюллетеньдердің саны – 4, "Бәріне қарсымын" деген жолда - 115.
Әкімге үміткерлер саны – 3 адам, 2 адам - өзін-өзі ұсыну арқылы және 1 адам "AMANAT" партиясынан ұсынылған.
Әр үміткерге берілген дауыстар саны:
Бейсембаев Мади Аскарович – 356 (8,22%); Касымшалов Дулат Сарсенбекович – 416 (9,60%); Сагынбеков Улан Маликович – 3560 (82,18%).
Асы ауылдық округінің сайланған әкімі Сагынбеков Улан Маликович, 1984 жылы туған, Асы ауылдық округінің әкімі, Қ.Ұлтарақов ауылында тұрады, "AMANAT" партиясы ұсынған.