
Аудан аумағында эпизоотиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында қазіргі таңда Еңбекшіқазақ ауданының ветеринариялық станциясы аудан аумағында жануарлардың аса қауіпті жұқпалы ауруларына қарсы ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралардың 2023 жылға бекітілген жоспарға сәйкес жұмыстары жүргізілуде. Осы іс-шаралар ауыл шаруашылық жануарлардың сібір жарасы, аусыл, қарасан, лейкоз эктима, күл ,етқоректілер эхинококкоз, құс тұмау ауруларына қарсы ветеринариялық-профилактикалық егу жұмыстары мен бруцеллезге қарсы диагностикалық зерттеу іске асырылуда.
Құрметті аудан тұрғындары жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы диагностикалық және профилактикалық жұмыстарды уақытылы және сапалы орындау үшін, Сіздерден Қазақстан Республикасы «Ветеринария туралы» Заңының 25-бабында көрсетілген міндеттеріңізге сәйкес, ветеринария мамандарының қызметтік міндеттерін атқаруға ықпал көрсетулеріңізді сұраймыз.
Барлық туындаған сұрақтар бойынша аудандық ветеринариялық станциясы 8 (72772) 7-02-83,7-02-86 телефон нөмірлеріне немесе тікелей ауылдық округтердегі ветеринариялық пункттерге хабарласуға болады.