
42500 теңге әлеуметтік төлем алу үшін өтінім беруге арналған бот іске қосылды
📢 42500 теңге әлеуметтік төлем алу үшін өтінім беруге арналған бот іске қосылды 🔹Ол үшін Telegram мессенджеріне кіріп, іздеу жолағына @Help42500Bot деп жазып, «Start» батырмасын басу қажет. 📍Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азамат үшін: 1️⃣ «Өзін-өзі жұмыспен қамтушы» батырмасын басу; 2️⃣ Өзінің ЖСН енгізу; 3️⃣ Электронды пошта адресін енгізу; 4️⃣ Телефон нөмірін енгізу; 5️⃣ Банктік шот нөмірін енгізу (IBAN); 6️⃣ Өтінішті растау; 7️⃣ Бұдан кейін келесі мазмұнда хабарламалар келеді: ✔️ сіздің өтініміңіздің қабылданғандығы туралы; ✔️сіздің өтініміңіздің тіркеу нөмірі; ✔️ сіздің өтініміңізді өңделгені туралы жауап. 📍Қызметкер үшін: 1️⃣ «Қызметкер» батырмасын басу; 2️⃣ Өзінің ЖСН енгізу; 3️⃣ Жұмыс істейтін ұйымның БСН-ын енгізу; 4️⃣ Электронды пошта адресін енгізу; 5️⃣ Телефон нөмірін енгізу; 6️⃣ Банктік шот нөмірін енгізу (IBAN); 7️⃣Өтінішті растау; 8️⃣ Бұдан кейін келесі мазмұнда хабарламалар келеді: ✔️сіздің өтініміңіздің қабылданғандығы туралы; ✔️сіздің өтініміңіздің тіркеу нөмірі; ✔️сіздің өтініміңіздің өңделгені туралы жауап. 📢