
Есік қаласы 3 – ықшам ауданы, Марат Ысқақ көшесінде ауыр жүк көлігі көше бойындағы (ұзындығы 50 метр) құрайтын газ құбырын қағып кеткендіктен №15 БМҚ және №9 БМҚ қазандықтары уақытша жылу беру жұмысын тоқтатты.
Жалпы аталған екі қазандық 12 тұрғын үй, 158 пәтерді қамтып отыр. Жылу беру жүйесін қамтамасыз ету мақсатында «Талғар жылу» мекемесі және әкімшілік тарапынан қазандықтарды дизель отына қосу мәселесі қарастырылуда.
Қауіпсіздік мақсатында «АПЛ Констракшн» ЖШС-ң мамандары газ түтігін жауып тексеріс жұмыстарын жүргізуде. Оқиға орнына МАИ қызметкерлері шақырылып, жүк көлігі иесіне коммуналдық қызметкерлермен бірлесіп хаттама толтыру жұмыстары жүргізілуде.
Газ құбырын қалпына келтіру жұмыстары 14.03.2023 ж басталатын болады. Тиісті жұмыстар басталғаннан кейін қосымша осы ауданда орналасқан №8, 10, 16 (жалпы 29 тұрғын үй, 714 пәтер) қазандықтарға газ беру уақытша тоқтатылатын болады.