
2023 жылы ауданымызда тағы 5 блокты-модульді қазандықтардың құрылыс жұмыстары жүргізіледі.
Аталмыш БМҚ Есік қаласының 1-ықшам ауданындағы №8, №12 үйлер; 4-ықшам ауданындағы 14 пен 15-үй; Шелек ауылының Жібек Жолы көшесі бойындағы №33, №8, №10 үйлерге және Қайыпов көшесінің бойындағы №59 үйге және Малай батыр көшесінің бойындағы №94 үйлерді жылумен қамтамасыз етеді.
Айта кетсек, қазіргі таңда Еңбекшіқазақ ауданында жалпы 21 блокты-модульдік қазандықтар орнатылған.