
Еңбекшіқазақ ауданының ветеринариялық станциясы аудан аумағында жануарлардың аса қауіпті жұқпалы ауруларына қарсы жаппай көктемгі ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралардың басталатынын мәлімдейді.
2023 жылға бекітілген жоспарға сәйкес, наурыз айынан бастап,профилактикасы, диагностикасы және жойылуы бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын тізбеге енгізілген 14 аса қауіпті ауруларға қарсы вакцинациялау және бруцеллез ауруына қарсы диагностикалық зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Осы іс-шаралар, облыс аумағында эпизоотиялық тұрақтылықты қамтамасыз етуге және адамдар мен жануарларды сібір жарасы, қарасан, аусыл, нодулярлы дерматит, пастереллез, туберкулез, бруцеллез, лейкоз және т.б. жұқпалы аурулардан қорғауға бағытталған.
Ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралары аудандық ветеринариялық станцияға қарасты округтердің ветеринариялық пункттерінің мамандарымен іске асырылады.
Құрметті аудан тұрғындары жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы диагностикалық және профилактикалық жұмыстарды уақытылы және сапалы орындау үшін, Сіздерден Қазақстан Республикасы «Ветеринария туралы» Заңының 25-бабында көрсетілген міндеттеріңізге сәйкес, ветеринария мамандарының қызметтік міндеттерін атқаруға ықпал көрсетулеріңізді сұраймыз.
Барлық туындаған сұрақтар бойынша аудандық ветеринариялық станциясы 8 (72772) 7-02-83,7-06-27 телефон нөмірлеріне немесе тікелей ауылдық округтердегі ветеринариялық пункттерге хабарласуға болады.