ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫНЫҢ 4 АУЫЛЫН АУЫЗСУМЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖҮЙЕСІН РЕКОНСТРУКЦИЯЛАУ ЖӘНЕ САЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫНЫҢ 4 АУЫЛЫН АУЫЗСУМЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖҮЙЕСІН РЕКОНСТРУКЦИЯЛАУ ЖӘНЕ САЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Ағымдағы жылы ауданымыздың 4 елді-мекенін ауызсумен жабдықтау жүйесін реконструкциялау және салу жұмыстары басталатын болады. Жоба 2023-2024 жылдарға жоспарланған.
- Рахат ауылының су құбыры желісінің жалпы ұзындығы - 31,5 км. БАС ЖОБАЛАУШЫ: «Казгипроводхоз Институты» Өндірістік кооперативі.
- Қазақстан ауылының су құбыры желісінің жалпы ұзындығы - 15,5 км. БАС ЖОБАЛАУШЫ: «Проектный институт имени Джанекенова Ж.Р.» ЖШС.
- Ащыбұлақ ауылының су құбыры желісінің жалпы ұзындығы - 12 км. БАС ЖОБАЛАУШЫ: Р. Жәнекенов атындағы жобалау институты» ЖШС.
- Шелек ауылының су құбыры желісінің жалпы ұзындығы - 124 км. БАС ЖОБАЛАУШЫ: «Казгипроводхоз Институты» Өндірістік кооперативі.