
Қазпошта бөлімшелерінде оффлайн режимінде хабарлау тәсілін өзгертуге немесе деректемелерге өзгеріс енгізуге өтінім беруге болады. БЖЗҚ өз қызметтерінің қолжетімділігін үнемі жетілдіріп келеді. «Қазпошта» АҚ-мен ынтымақтастық – Қор салымшыларымен және алушыларымен қарым-қатынас жасау тәсілдерінің бірі.
2022 жылы Қор қызметтерін көрсететін «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінің саны 376-ға дейін ұлғайтылып, онда соңғы 3 жыл ішінде 35 мыңнан астам қызмет көрсетілді. БЖЗҚ қызметтеріне ең көп сұраныс Қызылорда, Маңғыстау, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарында байқалады.
БЖЗҚ қызметтерін алуға болатын «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінің тізімін enpf.kz сайтындағы «Қызметтер» бөлімінен таба аласыз.