
Еңбекшіқазақ ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі ескертеді! Алматы облысының тауларында 2023 жылғы 22 -28 ақпан аралығында қар көшкін қаупі сақталады. ТЖБ азаматтардан, туристерден және демалушылардан қар көшкінін тудыруы мүмкін болғандықтан қарлы беткейлерге шықпауды, сондай-ақ таулы жерлерде барлық қауіпсіздік пен мінез-құлық шараларын сақтауды сұрайды. Еңбекшіқазақ ауданы аумағында Іле-Алатау тауларының оңтүстік беткейінде Есік және Түрген өзені бассейндерінде 24 қар көшкіні қауіпті учаскелер бар. Негізінен қар көшкінінің түсуі температура фонының жоғарылауына және жаңбыр мен қар түрінде мол жауын-шашынның түсуіне байланысты болады.