
2023 жылдың жоспарына сәйкес, Еңбешіқазақ ауданы бойынша жануарлар мен адамға ортақ ауруларды алдын алу жөніндегі
ЖАДЫНАМА бүгінгі күнге 1861 адамға тарқатылды.
ҚР «Ветеринария туралы» Заңының 25 бабына сәйкес жануарларды бағу және асырау кезде заңды және жеке тұлғалар міндетті.
-жануарлар мен адамға ортақ ауруларды алдын алу мақсатында зоопарктегі,омарталардағы, аквариумдердегі жануарларды қоса алғанда жануарларды бағу мен өсіру кезінде, сондай-ақ қора-жайлар, шикізат сақтау орындарда ветеринариялық-санитариялық талаптарды сақтау;
- ауылшаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді қамтамасыз ету;
- ветеринариялық мамандарға сатып алынған, сатылған мал, алынған төл, малдың ауырғаны жағдайлар туралы хабарлау;
-ветеринариялық мамандарға тасымалданатын малдарды қарау үшін кедергі жасамау, сондай ақ өсірілетін малдарға дер кезінде егу мен диагностикалық зерттеу шараларды жүргізу;
-кейіннен өткізуге арналған малдарды сою алдындағы мен сойылғаннан кейінгі бақылаусыз сойылуына тиым салу, кейіннен сату обьектілерінде сатылатын малдар тек мал сою обьектілерінде ғана сойылу керек;
-ветеринариялық іс-шараларды жасау кезінде ветеринариялық мамандарға қолдау көрсету;
- мал және мал өнімін тасымалдау кезінде иелер ветеринариялық жолдама құжаттарды алу тиіс;