
Есік қаласында орналасқан Райымбек батыр орта мектебінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Қуат Қарабайұлы Ақшабаевтың төрағалығымен жаңа идеялармен алмасу мақсатында облыстық, аудандық, ауылдық Аналар кеңесінің өкілдерінің қатысуымен отырыс өткізілді.
Кездесу барысында Аналар кеңесінің қоғамдағы маңызды рөлі, олардың жас ұрпақты тәрбиелеуге, отбасылық құндылықтар мәдениетін қалыптастыруға қосқан ерекше үлесі атап өтілді.
Сондай-ақ, дөңгелек үстел барысында облыстық Аналар кеңесінің төрайымы Гүлнар Сағатқызы мен аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Роза Омарқызы бүгінгі таңда маңызды және өзекті мәселелерді көтерді.
Кездесу соңында Қуат Қарабайұлы Ақшабаев аналар кеңесінің қоғамдағы маңызды рөлін, олардың жас ұрпақты тәрбиелеуге және отбасылық құндылықтар мәдениетін қалыптастыруға қосқан ерекше үлесін атап өтті.