ҚАЙНАЗАР АУЫЛЫНДАҒЫ АМБУЛАТОРИЯНЫ ҚОЛДАНЫСҚА БЕРДІ

ҚАЙНАЗАР АУЫЛЫНДАҒЫ АМБУЛАТОРИЯНЫ ҚОЛДАНЫСҚА БЕРДІ

2022 жылы қыркүйек айында Қайназар ауылындағы амбулаторияда күрделі жөндеу жұмыстары басталып, қазіргі уақытта қолданысқа берілді.
Амбулаторияда төрт мыңнан астам халыққа қызмет көрсетіледі. Бір ауысымда 50 адам қабылдауға арналған. Медициналық мекемеде 3 төсек-орынға арналған күндізгі стационар қарастырылған. Бір қабатты ғимаратта тіркеу бөлмесі, емдеу бөлмесі, егу бөлмесі, сүзгі бөлмесі, дәрігердің қабылдау бөлмесі, тексеру бөлмесі орналасқан. Мұнда 2 дәрігер, 9 орта медициналық қызметкер, гинеколог-акушер жұмыс істейді.