
Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында мәслихат төрағасы Ахметов Бекет Төлегенұлының, аудан әкімі Досумбаев Алтай Машикұлының, аудан әкімі орынбасарларының, бөлім басшылары және қала ауылдық округ әкімдерінің қатысуымен аппараттық жиын өтті.
Жиын барысында аудан басшысы барлық сала бойынша жоспар барысын қарап, тиісті міндеттерді жүктеп, ендігі тұста әрбір сала бойынша берілген тапсырмаларды уақытында орындап және халыққа игі қызмет етуді тапсырды .
Сонымен қатар, 2022 жылдың қорытындысы бойынша екі ауылдық округ әкімдеріне сөгіс жарияланып, бір округ әкіміне ескерту берілді.
Берілген тапсырмаларды уақытылы орындамай, немқұрайлы қарағанның салдарынан бүгінгі күні қаражат игерілмей бағдарламаның орындалмауына әкелгенін, сонымен қатар, тұрғындар үшін маңызды жол, санитарлық тазалық, су тапшылығы, жер дауы сияқты мәселелер шешімін толық таппай отырғанын айтып, туындаған мәселелерді дер кезінде анықтап, оларды шешудің оңтайлы жолдарын ұсынып, нақты шешім қабылдауды тапсырды.
Жиында берілген тапсырмалардың уақытылы орындалуын қамтамасыз ету аудан әкімі аппаратының басшысы Мақат Темірғалиұлы Мемельбековке жүктеліп, келесі аппараттық жиында есеп беруі тапсырылды.