
Түнде ауа температурасының -18 градусқа дейін, күндіз -15 градусқа дейін төмендеуімен көктайғақ құбылыстары болжанады. Келесі күндері - 30 градусқа дейін аяз болады деп болжануда.
Ауданның коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеуде, өндірістік базаларда тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылады.
Жолдардың барлық бағыты бойынша 52 техника жұмылдырылып, 75 адам тартылды.
Жолдардағы көктайғақтың салдарынан, көліктердің кептелісі пайда болуы ықтимал, жүргізушілерге жылдамдықты төмендетуді, автомобильдер арасындағы ара қашықтықты ұлғайтуды және кенеттен маневрлерден аулақ болуды, жаяу жүргіншілерге – көктайғақтың пайда болуына байланысты тротуарларда жүру кезінде сақтық шараларын сақтауды ұсынамыз.
Кешігіп қалмас үшін таңертең автокөлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерден үйден алдын-ала шығып, жылы киінуін сұраймыз.
Құрметті аудан тұрғындары! Сыртта абай болыңыз, өміріңізге қауіп төндірмеңіз.